26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанның Жер қойнауы туралы кодексі Аустралия тәжірибесіне негізделіп жасалады

7 апреля 2015 Просмотры: 932

Бұл туралы астанада болған брифингте «Тау-кен өндірісі және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец хабарлаған.

«Бұл кодесте инвесторларға деген жаңа қарым-қатынастың тұжырымдамасы көрініс тапқан және олар халықаралық деңгейдегі үздік деген ұстанымдарға негізделген. Осылайша, аустралиялық тәжірибе негізге алынды», — деді Н. Радостовец.

Оның айтуынша, Аустралияның жер қойнауы туралы кодексінде салық салу мөлшері ескеріледі.

«Мысалға, ол ТМК инвестициялайтын болса, бұл сала өте қор сыйымды. 5-7 жылдан кейін оның қайтарымы болуы тиіс. Ол банктегі несие келісімінің шарттары өзгермейтінін білуі тиіс. Егер бір нәрсе пайда болса, банк қаржыландыруды шектеуі мүмкін. Осыған байланысты, Аустралия кодексінде салық салу нақты деңгейден аспауы тиіс екендігі жазылады», — деп түсіндірді Н. Радостовец.

Оның айтуынша, ҮИИД бағдарламасы аясында қара металургия бойынша шамамен 390 млрд. теңгенің, ал түсті металургияда 1 трлн. астам теңгенің жобалары жүзеге асырылады.

«Қазіргі жағдай қиын болғанына қарамастан, бұл секторға инвестиция салынады деп үміттенеміз. Сарапшылардың болжамдарына сенсек, мысалға Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Қазақстан 2015 жылы Араб Әмірліктерінен кейін ең дамушы экономикалардың арасында 9 орынға ие болуы тиіс», — деді ол.