«Қазатомөнеркәсіп» мекемесінің қаржысынің арқасында 295 студент білім алуда
Бұл жөнінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров акционерлік қоғамның басшылығының еңбек ұжымы алдындағы жыл сайынғы есепті жиналысында айтты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
«Компания қаржысы есебінен мамандар даярлау аясында сала және өңір үшін бағдарлы мамандықтар мен кәсіптер бойынша 295 студент білім алуда. Олар оқуларын бітірген соң атом өнеркәсібі кәсіпорындарына жұмысқа орналасатын болады», — деді Н. Қаппаров.
Оның айтуынша, 2014 жылы «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорындарының дерліктей 20 мың қызметкері қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша оқытылған.
2014 жылы «Қазатомөнеркәсіпке» қарасты кәсіпорындар 22,8 мың тонна уран өндірген, ал 2015 ж. компания 23,4 мың тонна уран өндіруді жоспарлап отыр.