26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚазМұнайГаз БӨ дивиденттерді төлеуге 52 млн теңге жұмсады

25 мая 2016 Просмотры: 1 815
ҚазМұнайГаз БӨ дивиденттерді төлеуге 52 млн теңге жұмсады

Алматы. 26 мамыр. Ақпараттар орталығы. 2015 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» (ҚМГ БӨ) АҚ дивиденттерге төлем жасауға 52 млн теңге жұмсады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен. 

Компания акционерлері артықшылық берілген акциялар бойынша дивиденттердің ең төменгі кепілді көлемін бекітті, ол ҚР заңнамасына сәйкес ұсталатын салықты қосқанда әр акцияға 25 теңгені құрайды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша жалпы аударылған дивиденттер сомасы 52 млн теңгені немесе шамамен 153 мың АҚШ долларын құраған. 

«ҚМГ БӨ акционерлері 2015 жылдың қорытындысы бойынша қарапайым акциялар бойынша дивиденттер төлемеу туралы шешім қабылдады», - делінген хабарда.
 

2015 жылдың қорытындысы бойынша артықшылық берілген акциялар бойынша дивиденттерді төлеу акционерлердің банктік шоттарына аудару жолымен 2016 жылдың 3 маусымындағы 23:59-дағы жағдай бойынша акционерлер тізіліміне сәйкес жүзеге асырылады және 2016 жылдың 4 шілдесінен бастап басталады.