26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«ҚазМұнайГаз Өнімдерінде» 1,8 млрд теңгеге ЖЖМ ұрлау фактісі анықталды

3 февраля 2016 Просмотры: 1 817

Алматы. 4 ақпан. Ақпараттар орталығы. «ҚазМұнайгаз Өнімдері» ЖШС-де жанар-жағармай материалдарын ұрлау фактілері анықталды, деп хабарлады Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің баспасөз қызметінен. 

Хабарда айтылғандай, қазір Департаменттің экономикалық қылмыстарды тергеу қызметі «ҚазМұнайгаз Өнімдері» ЖШС арызына сәйкес ҚР Қылмыс Кодексінің 190 бабының 4 тармағына сәйкес жанар-жағармай материалдарын жымқырды деген фактпен тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
«Қазмұнайгаз Өнімдері» ЖШС қауіпсіздік қызметімен жүргізілген тексеру барысында компанияның бөлім қызметкерлерінің тарапынан жалған жеке тұлғаларға АИ-95, АИ-92, АИ-80 және дизельді отынға талондардың шығарылғаны анықталды. Бұл жалған әрекет үшін іс жүзінде төлемдер жүргізілмей, бухгалтерлік есеп те бұрмаланған», — делінген хабарда.
АҚ «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының еншілес компаниясы болып табылған бұл компанияға келген шығынның алдын-ала көлемі 1,8 млрд теңгені құрап отыр.
Хабарда айтыландай, қазіргі таңда қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдарды анықтауға байланысты сараптамалық тексерулер, жедел тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу нәтижелері бұқараға ашық жарияланады.