26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«ҚазТрансГаз» халықаралық банктерден 400 млн. доллар кредит алады

1 марта 2015 Просмотры: 1 045

«ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев халықаралық банктермен жалпы сомасы 400 млн. АҚШ долларына синдикатталған қарыз тартуға арналған кредиттік келісімге қол қойды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Citibank, ING Bank және Natixis сияқты банктер қаржыландыруды ұйымдастырушылар ретінде әрекет етті. Бұл қарыз 1,5 % + 3 MLibor пайыздық ставкасымен үш жыл мерзімге тартылды. Кредиттік қаражатты «ҚазТрансГаз» өзінің міндеттемелерін қайта қаржыландыруға жұмсауды жоспарлап отыр.

Қайрат Шәріпбаевтың айтуынша, компания жаһандық нарықтағы құбылмалы ахуалға қарамастан, өте төмен ставкамен қарыз қаражатын тарта білді. Халықаралық банктермен қаржылық келісім бойынша осындай тартымды шарттар Қазақстанның кредиттік сенімділігі мен инвестициялық тартымдылығы жоғары бағаланатыны, сондай-ақ оны одан әрі дамытудың қолайлы болжамдары туралы айтады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.