26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚМГ БӨ компаниясы 2014 жылы 47 млрд. теңге таза пайда тапқан

4 марта 2015 Просмотры: 909

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) 2014 жылға арналған топтастырылған қаржылық есепті жариялады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

2014 жылы түсім 846 млрд. теңгені немесе 4 млрд 722 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2013 жылғыдан 4% артық.

«Теңгемен санағандағы түсімнің көбеюі ішкі нарыққа жеткізілімдердің бағасының 20% қымбаттауы және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының 18%-ға артуы мен соның салдарынан экспортқа шығарылатын мұнай құнының көтерілуіне байланысты, алайда бұл экспортқа жөнелтілетін шикізат көлемінің азаюымен теңгерілді», — делінген хабарламада.

2014 жылы өндірістік шығындар 212 млрд. теңгені құраған, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 31% көп, бұл өндірістік құрылымдардағы қызметкерлерді марапаттауға жұмсалған шығындардың артуымен түсіндіріледі.

2014 жылы таза пайда 47 млрд. теңгені немесе 263 млн. АҚШ долларын құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 67% кем болған, бұл негізінен 2014 жылдың 4 тоқсанында «Өзенмұнайгаз» АҚ активтерінің құнсыздануына байланысты. Сонымен қатар, компания шетелдік операцияларды қайта есептегенде бағам айырмашылығынан 53 млрд. теңге кіріс көрген. Осылайша, кезеңдегі кіріс салықты алып тастағанда 100 млрд. теңгені немесе 559 млн. АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.