26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қордайда шекарашылар тоннаға жуық контрабандалық қой етін тәркіледі

31 января 2016 Просмотры: 1 626

Алматы. 1 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақ-қырғыз шекарасында шекарашылар бір тоннаға жуық қой етін өткізбек болған азаматтың жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

«Қордай шекара отрядының «Қарасу — авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Қырғызстаннан 38 қорап етті заңсыз өткізуге әрекеттенген 34 жастағы қырғыз азаматын ұстады. Оның жалпы салмағы шамамен 900 килограмм болған», — делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, ұсталған азамат тіркеуіші бар «ДАВ» жүк көлігімен Қазақстанға келе жатқан.
Ұсталған азаматқа қатысты материалдар Қордай аудандық ветеринарлық қызметіне берілді.