«Қорғас- Шығыс қақпасы» АЭА нысандарын биыл маусымда пайдалануға береді
ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жұмыс сапарымен «Қорғас-Шығыс қақпасы» Арнайы Экономикалық Аймағы (АЭА)құрылыс нысандарын аралады.
Сапар барысында өндірістік алаңдар, болашақ арнайы экономикалық аймақ еңбеккерлеріне арналған қалашықтың іргетасы қаланып жатқандығы байқалды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асқар Мамин мердігерлік бригадалар белгіленген кестеден кешікпей құрылыс жұмыстарын жүргізуі тиіс екен атап өткен. «Нысандарды пайдалануға беру биылғы маусымнан кешіктірілмеуі тиіс»,- деген А. Мамин.
Кеңес барысында таяу арада өндірістік алаңның, АЭА еңбеккерлеріне арналған қалашықтың қабырғасы қаланатындығы белгілі болды.
Трансұлттық жоба «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты кешенінің алғашқы кезеңі өткен жылдың аяғында іске қосылған болатын.