26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚТЖ 2014 жылды 166 млрдтеңгетазакіріспенқорытындылады

15 января 2015 Просмотры: 907

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2014 жылдың жұмыс қорытындысы мен 2015 жылға арналған басымдықтар бойынша кеңес өткізді.

«Компания жалпы жүк тасымалының төмендегеніне қарамастан 2014 жылды 166,5 млрд теңге таза кіріспен қорытындылады. Ол жоспарлы көрсеткіштің 56% артқандығын көрсетеді. Бұл түсім қосымша жүктерді тарту, коммерциялық транзиттік жүктердің көбеюі, сонымен қатар шығындарды 61 млрд. теңгеге қысқарту арқылы орындалды», — деп атап өткен ҚТЖ президенті Асқар Мамин, компания баспасөз қызметінің хабарлауынша.

Жалпы жүк тасымалының төмендеуі қазақстандық экспорттық тауарларға халықаралық нарықтан сұраныстың азаюы, аймақтағы сауда көлемінің төмендеуінен орын алған.

«Қазіргі таңда, компания кірісінің 25% транзиттік тасымалдан түскен. Біз оны таяу болашақта 50%-ға дейін көтеруіміз керек», — деп толықтырған компания басшысы.