Қыстың жылы болуынан қазақстандықтар жылу үшін 2,5 млрд теңге үнемдеді
Алматы. 13 маусым. Ақпараттар орталығы. 2015-2016 жж. жылыту кезеңі үшін тұтынушыларға 2,5 млрд астам теңге қайтарылады, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне сілтеме жасаған премьер-министрдің сайты.
«Жылу энергиясын тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жылу энергиясының тұтынылуын бақылауды жүзеге асыру үшін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті жылыту маусымының қорытындысы бойынша жыл сайын сыртқы ауа температурасының өзгеруіне байланысты жылу төлемақысына қайта есептеу жүргізеді. Қайта есептеу бойынша 2015-2016 жж. жылыту кезеңі үшін халыққа қайтарылатын қаражат 2 505 775 млрд теңгені құрады», - делінген хабарда.
Ведомствода түсіндіргендей, қайта есептеу ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 599 бұйрығымен бекітілген Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару қағидаларының негізінде жүргізілді.
Комитеттің түсіндіруіне сәйкес қайта есептеудің негізіне 1 м2 жылытуға қажетті жылу энергиясы көлемінің сыртқы ауа температурасына тәуелділігі салынды. Температура неғұрлым жылы және (жылу ағынының есептеріне салынғаннан) аса ауытқуы болса, соғұрлым қайта есептеу сомалары жоғары.
«Сонымен биылғы жылыту маусымында сияқты «жылы» қыс жағдайында тұтынушыларға ақша қайтарылады, өйткені жылу шығысы болжанғаннан (есептелгеннен) едәуір төмен болды», - деп атап өтті министрлікте.
фото: liter.kz