29 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қытай азаматы шекарада ірі көлемдегі ақшамен ұсталды

23 февраля 2016 Просмотры: 1 895

Алматы. 23 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақстан-Қытай шекарасында жария етілмеген ірі көлемдегі ақшаны алып өтпекші болған азамат ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.

«Қорғас» шекаралық бақылау отряды жария етілмеген 10 000 АҚШ доллары мен 8 800 Юань алып өтпекші болған 40 жастағы ҚХР азаматын ұстады.
Ол Қытайдан Қазақстанға жаяулатып өтпекші болған. Ал ақша оның қалтасын тексеру кезінде табылған.
16 ақпанда Қазақстан-Қытай шекарасында шекарашылар жария етілмеген ақшасы бар Қазақстан азаматын ұстады. Ер адам халықаралық шекара-маңы ынтымақтастық орталығына ірі ақшамен жаяу өтпекші болған, ақшаны беліне айналдыра орап жасырған. Тексеру барысында 47 жасар қазақстандықтан 128 500 юань табылды.