26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қызылорда облысында суда қалған жануарларды құтқару жұмыстары жүргізілді

18 декабря 2014 Просмотры: 1 053

2014 жылдың желтоқсан айының 16-ы күні 22 сағат 40 минутта ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекшісіне Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісінен Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай ауылынан 8 шақырым жерде «Қызыл жыңғыл» атты жерде ірі қара малдар суда қалып қойғандығы жөнінде хабар түсті, деп хабарлайды «ОӨАЖҚЖ» ММ.

Жасақ құтқарушылары құрамында 6 құтқарушы 1 бірлік техника үрлемелі мотор қайығымен шұғыл түрде шақырылған жерге шығып кетті. Оқиға орнына жеткен жасақ құтқарушылары жағдайды анықтап, үрлемелі мотор қайығымен құтқару жұмыстарына кіріскен. 2014 жылдың 17 желтоқсан күні 16 сағат 40 минутта құтқару топ жетекшісі С. Бүркітбаевтан, суда қалған жануарларды құтқару жұмыстары аяқталды деген хабар түсті. Барлығы суда құтқару жұмыстары кезінде 7 бас ірі қара малдар құтқарылды. Құтқарылған жануарлардың егелері құтқарушыларға үлкен рахмет айтып алғысын білдірді.