26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қызылордада «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үй құлады

25 марта 2015 Просмотры: 1 242
2015 жылғы 24 наурызда сағат 17.19-да Қызылорда қаласында 4 қабатты жаңа салынып жатқан тұрғын үй қирады, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
Қирау алаңы 2400 шаршы метр. Ғимарат толықтай қираған. Оқиға салдарынан «Дәнекер» СК ЖШС-ның екі жұмысшысы үйінді астында қалып, оның бірі Өзбекстан елінің азаматы алған жарақат салдарынан қайтыс болған. Сондай-ақ бір адам ауруханаға жатқызылған. Қызылорда облысы Тотенше жағдайлар департаментінің «ОӨАЖҚЖ» мекемесінің құтқарушылары қаза болған адамның мәйітін үйінді ішінен шығарған.
Төтенше жағдайды жоюға Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінен 12 адам және 1 техника; Қызылорда облысы ТЖД «ОӨАЖҚЖ» ММ жеке құрамынан 3 адам мен 3 құтқару техникасы; «Апаттар медицинасы орталығы» мекемесінен 3 адам мен 1 техника; полиция қызметкерлерінің жеке құрамынан 90 адам мен 15 техника; 5547 әскери бөлімінен 5 адам мен 1 техника жұмылдырылған.