26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Республикада өткен жылы шамамен 14,5 млн. тонна бидай бастырылған

30 января 2015 Просмотры: 977

Күрделі табиғи жағдайға қарамастан дәнді дақылдар оруға тиесілі 14 млн. 855 мың га яғни 99,1% жиналды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі.

Бастапқы салмақта 18,9 млн. тонна астық бастырылды, оның ішінде бидай шамамен 14,5 млн. тонна құрады. 2,1 млн. тонна 2015 жылы астыққа деген жазғы дақылдар тұқымының қажеттілігі есебінен 1,8 млн. тонна себілді. 2015 жылғы астыққа тұқым тапшылығы мәселесін шешу үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ қараша айында бидайды форвардтық сатып алуын жариялады. Осылайша, шаруалар тұқым сатып алуға ӘКК кепілдігімен қаражат алып, келесі жылы жиналған астықтан қайтара алады.

Қазіргі таңда еліміз бойынша астық сақтау қоймалардың қуаттылығы 25,1 млн. тонна. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 13,2 млн. тонна астық бар. Барлық астық сақтау қоймалары 52,6 %-ға жүктелген.