Самұрық-Энерго Қырғызстан мен Ресейге электр энергияны жеткізуде
Алматы. 20 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қырғызстан мен Ресейге электр энергиясын экспорттау «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС мен «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ станцияларында іске қосылмаған қуаттар жүктемесін елеулі түрде өсіруге көмектесті, деп хабарлады «Самұрық-Энерго» компаниясының баспасөз қызметі.
Хабарланғандай, 2016 жылғы 16 сәуірден бастап «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС қырғызстандық «Электрические станции» ААҚ-ға 200 МВт көлемінде электр энергиясын жеткізуде.
«Электр энергиясын экспорттау шарты «Самұрық-Энерго» АҚ Сауда үйінің ықпал етуімен жасалды. 2016 жылғы сәуір айынан бастап маусымға дейінгі электр энергиясын жеткізудің болжамды көлемі 218 млн. кВтсағ құрайды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қырғызстан мен Ресейге электр энергиясын экспорттау нәтижесінде «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС мен «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ станцияларында іске қосылмаған қуаттар жүктемесі елеулі түрде өсті.