26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Самұрық-Қазына силикон жазығында еншілес компания құру мүмкіндігін қарастыруда

13 апреля 2015 Просмотры: 1 002

«Самұрық-Қазына» АҚ жұмыс тобы қор басшысы Өмірзақ Шөкеевтің жетекшілігімен Калифорнияда (АҚШ) орналасқан силикон жазығындағы кәсіпорындарды аралап қайтты, деп хабарлайды қордың баспасөз орталығы.

Жұмыс тобы Стэнфорд және Беркли сынды белді университеттер мен Tesla Motors, SolarCity қатарлы танымал инновациялық компаниялардың жұмысымен танысқан. Тараптар таза энергетика, газ-химия, көлік, медицина, ауыл шаруашылығы мен білім беру, ІТ саласын дамытуда әріптестік орнату мүмкіндіктерін талқылаған. Атап айтқанда Силикон жазығында «Самұрық Innovation» компаниясын құру мүмкіндіктері қаралған.

Жұмыс бабындағы іс-сапар барысында «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының қызметі таныстырылып, «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі, Астанада құрылысы басталған «Жасыл орам» және күн панельдері өндірілетін «Kaz PV» жобасы туралы мағлұмат берілген.

«EXPO 2017» көрмесіне әзірлік аясында іске асырылуы мүмкін бірлескен жобаларды талқылау үшін Стэнфорд университеті, SolarCity және Motors компанияларының өкілдері ағымдағы жылдың мамыр айында өтетін Астана экономикалық форумына шақырылған.

«Ұсынысты Силикон жазығының іскер және ғылыми ортасы ерекше ықыласпен қабыл алды. Жоғарыда аталған қос компанияның директорлар кеңесінің мүшесі және бас директоры Илон Маскпен келелі кездесуде әріптестікті көрмеге қатысу аясынан ауқымды қарқында ілгерілету жолдары сараланды», — деп хабарлайды баспасөз орталығы.