26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Шығыс Қазақстанда мемқорға 10 мың гектардан астам жер қайтарылды

7 апреля 2016 Просмотры: 1 923
Шығыс Қазақстанда мемқорға 10 мың гектардан астам жер қайтарылды
Алматы. 8 сәуір. Ақпараттар орталығы. Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қорға 10 мың гектардан астам жер қайтарылды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

ШҚО-да Ұлт жоспарының 35-ші қадамын жүзеге асыру барысында нарықтық айналымға ауыл шаруашылығы маңызындағы қолданылмайтын жерлер берілді. Құнарлықтардың тізімі жүргізіліп, аукционға шығарылатын учаскелер белгілі болды, деп хабарлады облыс әкімі Даниал Ахметов баспасөз конференциясында.

Сонымен, тіркеу қорытындысы бойынша 984,3 мың га қолданылмайтын ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлер анықталды.

Аукциондардағы сатылым үшін облыс бойынша 434 жер учаскесі әзірленді, оның көлемі 158 мың га, байқау арқылы 201 мың га 532 учаскені ұсыну жоспарланған.

«Мемлекеттік меншікке барлығы қолданылмай жатқан 10,2 мың га жер берілді. Оларды жалпы ауданы 28 мың га қорда тұрған жерді есепке алғанда маусым айындағы облыстық инвестициялық форумда қолдану жоспарланып отыр», - деп атап өтілген әкімдіктің хабарламасында.