26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Сот ЖКО-да қаза тапқан марқұмның отбасына сотталушыдан 1,5 млн теңге өндірді

8 февраля 2016 Просмотры: 1 634

Алматы. 9 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қостанайда сот жол-көлік оқиғасында (ЖКО) қаза тапқан марқұмның отбасының пайдасына сотталушыдан 1,5 млн теңге материалдық шығын өндірді, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен. 

Хабарда айтылғандай, 2014 жылдың 5 қарашасында сағат шамамен 23:00-де Қостанай қаласы Рудненский көшесінде аз.Н. көлікті басқару барысында жол-қозғалысы ережесін бұзып, ЖКО-ға жол берген, нәтижесінде шағымданушының 54 жасар әкесі қайтыс болды.
«Қостанай қ. №2 сотының үкімімен аз. Н. ҚР ҚК 296 бабы 2 бөлімі (Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуыныңабайсызда кiсi өлiмiне әкеп соғуы) бойынша 4 жылға сотталды, ол жазасын қоныстану-абақтысында өтейтін болады, қазір сотталушы мерзімін өтеп те жатыр», — делінген хабарда.
Хабарда түсіндірілгендей, материалдық шығынды өндіріп алу туралы шағым әкесін жерлеу шығындарымен байланысты. Оған әкесінің садақасын беру, марқұмға киім алу, құлпытасы мен қоршау орнатуға қажет шығындары кіреді.
Аталмыш шығындарды растау үшін азаматтық іс материалында жалпы сомасы 1,5 млн теңгеге түбіртек, шығыс кассалық ордері, қолхаттар қоса тігілген.
Сот Н.-дан Д.-ның пайдасына 1,5 млн теңге көлемінде материалдық шығын өндірді. Шешім заңды күшіне енген жоқ.