26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Талдықорғанда Астана күні атап өтілді

7 июля 2016 Просмотры: 2 083 Культура
Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты
Фото: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты
Алматы. 7 шілде. Ақпараттар орталығы. Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында  «Астана – ел тәуелсіздігінің айғағы!» атты мерекелік бағдарлама өтті, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтынан. 


Облыс әкімдігінің хабарына сәйкес, гүлмен көмкеріліп әзірленген «Арман қала - Астана» көрме конкурсы, мемлекеттік мекемелердің көрмесі спорттық жарыстар, концерттік бағдарлама, балалар аттракциондары және басқа да қызықтар мерекеге ерекше реңк берді. 


«Бүгін біз Тәуелсіз Қазақстанның ең айшықты мерекелерінің бірі – Астана күнін атап өтіп отырмыз. Бұл - азат елдің асқақ арманын орындауға, қол жеткен табыстарын еселеуге серпін берер ерекше мереке» – деді «Жастар» саябағының бас сахнасынан барша жетісулықтарды құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов.


Ол атап өткендей, қазір Астана сәулеттік жағынан «Азия жауһары» ғана емес, сонымен қатар әлемдік геосаясаттың, экономика мен мәдениеттің алқалы алаңы болып отыр. 


«Біздің жас та көркем, қадамы нық қаламыздың жыл өткен сайын маңызы артып, мәртебесі өсе түсуде. Қай-қайсымыз да Елорданың тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен және қайталанбас қолтаңбасымен мақтанамыз. Сарыарқаның төріндегі бейбітшілік бесігі болған Астана өсіп-өркендеп, гүлдене берсін! Баршаңызды осы қуанышты мереке күнімен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, бейбітшілік пен молшылық тілеймін!» – деді өңір басшысы.


«Ел жүрегі – Астана!» концерттік бағдарламасы мерекенің мазмұнын аша түсті.


Читайте также