26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Талдықорғанда тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров туралы фильмнің тұсау кесері өтті

17 февраля 2015 Просмотры: 1 746

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы «Воля к победе» атты деректі фильмін танымал қазақстандық режиссер Тоқтар Қарсақбаев түсірген, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жақсылық Үшкемпіров Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 1980 жылы Мәскеуде болған Олимпиаданың чемпионы.

Режиссер Тоқтар Қарсақбаев фильм түсіру идеясы атақты спортшымен кездескенде пайда болғанын айтады. Аталмыш фильм өскелең жас ұрпаққа өмірдегі барлық кедергілерді жеңе білуге, белгілі бір жетістікке жету үшін аянбай еңбек ету қажеттігін түсіндіреді. Спортшының күреске 20 жасында келіп, 29 жасында олимпиада чемпионы болғанын айта кеткен жөн.

Фильм палуанның жеке архивынан жинақталып алынған деректі құжаттардың негізінде әзірленген. Фильмде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, халық әртісі Асанәлі Әшімов пен Роза Рымбаева және Қазақстан күрес Федерациясының президенті Сауат Мыңбаев өз пікірлерін білдіреді.