26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Тарифтер арқылы «Самұрық-Энерго» 500 млрд. теңге инвестиция алады

1 марта 2015 Просмотры: 1 072

«Самұрық-Энерго» АҚ тобына кіретін энергия өндіруші кәсіпорындар шекті тарифтер бағдарламасы бойынша 2009-2014 жж. кезеңінде 413,5 млрд. теңге инвестиция салды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Активтерді жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және табиғатты қорғау іс-шаралары арқасында станцияның қолда бар қуатын 1 109 МВт немесе 42% арттырылған, Екібастұз 1-МАЭС №2 500 МВт блогын есептемегенде. Оған қоса, белгіленген қуатты пайдалану коэффициентін 8,5% ұлғайтылған, 32,7 пайыздан 41,2% дейін. Қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттар шығарындылары 44% немесе 132,3 мың тоннаға азайтылған: 297,0 мың тоннадан 164,7 мың тоннаға дейін.

«Жалпы «Тариф инвестиция орнына» бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемі 500 млрд. теңге», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.