26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Теңгедегі депозиттерге кепілдік беру мөлшері 10 млн теңгеге дейін өсті

5 марта 2015 Просмотры: 1 001

ҚР Ұлттық банкінің хабарлауынша, 2015-2016 жылдарға арналған экономиканы долларсыздандыру жөніндегі шаралар жоспарының үшінші бағыты бойынша ұлттық валютадағы салымдарға кепілдік беру сомасын 5 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін ұлғайтылған.

Сонымен бірге, халықтың шетел валютасындағы депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін жылдық 3% дейін төмендету, банктерге өтімділік беру және банк секторын сауықтыру, бағаны шетел валютасында, оның ішінде шартты бірліктермен көрсетуге тыйым салуды белгілеу көзделген.

Бірінші бағыт бойынша жоспарда экономиканы әртараптандыру және өндірілетін тауарларда, жұмыстарда және көрсетілетін қызметтерде қазақстандық қамтуды арттыру жөніндегі шаралар көзделген. Екінші бағыт бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту жоспарланған.