26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Тиімділікті арттыру бағдарламасының арқасында ҚТЖ қосымша 576 млрд. теңге пайда көреді

26 февраля 2015 Просмотры: 1 000

Бұл жөнінде Астанада болған брифингте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры Еркін Жусанбаев хабарлады.

«2010 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан тиімділікті арттыру бағдарламасы бойынша пайда 2020 жылға дейін 576 млрд. теңгені құрайды», — деді Е. Жусанбаев.

Оның айтуынша, компания жоспарында кіріс базасын әртараптандыру. ҚТЖ транзиттік тасымалдау, көлік-логистикалық қызметтер бойынша бағыттарды белсенді дамытпақ. Транзиттік тасымалдардан түскен кіріс жүк тасымалдарының жалпы көлеміндегі кірістердің төрттен бір бөлігін құрайды.