Төтенше жағдайлар комитеті өрт қауіпсіздігі саласындағы рұқсат құжаттарын қысқартуда
Бұл жөнінде Астанада болған брифингте ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің халықты ақпараттандыру және оқыту бөлімінің бастығы Руслан Иманқұлов мөлімдеді.
«2010 жылдан бастап мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары беретін рұқсат беру құжаттарының 74-інің 69-ы қысқарды», — деді Р. Иманқұлов.
Оның хабарлауынша, кәсіпкерлердің қызметтің 21 лицензияланатын түрлерінен 20-ы бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қорытындыларын алу қажеттілігі жойылған.
«Мысалы, қазіргі уақытта кәсіпкерлерге алкоголь өнімінің өндірісіне, оны көтермелеп және жеке сатуға, фармацевтикалық және медициналық қызметке, білім беру қызметіне, жолаушыларды тасымалдауға, ойын бизнесін ұйымдастыруға және тағы басқа лицензия алу үшін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан қорытынды алу қажет емес», — деп хабарлады Р. Иманқұлов