26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Трансформация бағдарламасы Самұрық-Қазынаға 1,4 трлн теңге үнемдеуге көмектесуі керек

22 мая 2016 Просмотры: 1 328
Трансформация бағдарламасы Самұрық-Қазынаға 1,4 трлн теңге үнемдеуге көмектесуі керек
Алматы. 23 мамыр. Ақпараттар орталығы. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры 2020-шы жылға қарай трансформация бағдарламасының жетістігінің нәтижесінде компанияның барлық топтары бойынша 1 трлн. 400 млрд теңге көлемінде пайда көруге мүмкіндік береді, деп мәлім етті қор басқармасының мүшесі, қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директоры Елена Бахмутова.

«2020-шы жылға қарай трансформация бағдарламасының жетістігінің нәтижесінде компанияның барлық топтары бойынша 1 трлн. 400 млрд теңге көлемінде пайда көруге мүмкіндік береді», - деді «Самұрық-Қазына» Қорының – басқарма мүшесі, қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директоры Елена Бахмутова Қор портфельді компаниялар директорлары кеңесі басшысы Өмірзақ Шөкеевтің VIII-ші кездесуінде, деп хабарлады премьер-министрдің сайтынан. 

Хабарда айтылғандай, трансформация бағдарламасы 300 млрд. теңгеден астам қаржы шығынын қысқартуға мүмкіндік берді.

«Бізде шығындарды қысқарту бойынша үш бастама жүзеге асып үлгерді. Негізгілер: сатып алулар, қазыналық копоратив пен қаржы жұмсауды қысқарту. Тек үш бастаманың өзі өткен кезеңде 300 млрд. теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді», - деп түсіндірді қор төрағасы.

Бұл ретте, компания шығынын қысқарту бойынша үш жылдық бағдарлама аясында 126 млрд теңге үнемделді, корпоративтік қазынашылық есебінен 70 млрд теңге үнемделді. 

«Сатып алуларды оңтайландыруға келер болсақ, бұл жоба қазір жүзеге асырылуда, ал электронды алаңда электронды сатып алуларды жүзеге асыру бойынша қабылданған шаралар, олар оңтайландыру мүмкіндігін күтіп отыр. Болашақта біз, сол үш бағыт бойынша кірістер өседі деп күтіп отырмыз», - деді Е. Бахмутова.