Ұлттық банк теңге бағамын бір қалыпты өзгертетін болады
«Егер де капиталдың ішкі нарығында өзгерістер болса, біз теңге бағамының құнсыздануына жол бермей, айырбастау бағамының бір қалыпты және икемді өзгеруі шеңберінде жұмыс жасаймыз», — деді ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов Астанада болған брифингте.
Ол Ұлттық банктің ұлттық валюта бағамын бірқалыпты түзетуді қолдауға қажетті «беріктік қоры» бар екенін айтты. ҚР ҰБ мәліметінше, Ұлттық банк пен Ұлттық қордың бірлескен алтын валюталық қорлары 100 млрд астам долларды құрайды, оның 29,8 млрд доллары – Ұлттық банктің қоры.