26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге арналған Жадынама дайындады

28 апреля 2015 Просмотры: 1 133

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі комитеті хатшылығы кәсіпкерлер қызметі мәселелеріндегі түрлі мәселелер бойынша оларға арналған Жадынама дайындады, деп хабарлайды ҰКП сайты.

Кәсіпкерлерге жеке кәсіпкерлерді тіркеу мен заңды тұлғаларды тіркеу тәртібі; шаруашылық етуші субъектілерді шағын, орта және ірі кәсіпкерлікке жатқызу өлшемдері; патент негізіндегі шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салық тәртібі; жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық тәртібі; шаруа қожалықтары немесе фермерлік шаруашылықтарға арналған арнайы салық тәртібі және т.б. мәліметтер түсіндіріледі.

«Шағын бизнесті әдістемелік қолдау мақсатында жұмыста қолдану үшін және бизнесмендер арасында тарату үшін Жадынамалар барлық Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына және аккредиттеуден өткен қауымдастықтарға жолданды», — делінген хабарламада.