29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2018 жылдан бастап Қазақстанда автокөліктердің «әдемі» нөмірлерінің бағасы Т600 мыңға дейін баратын болады

11 шілде 2017 Қаралым: 3 529 Авто,  Көлік
motor.kz
Фото: motor.kz

Алматы. 11 шілде. Ақпараттар орталығы. 2018 жылдан бастап Қазақстанда автокөліктердің «әдемі» нөмірлерінің бағасы Т600 мыңға дейін баратын болады, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

"Заңмен («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» - ҚазТАГ) Салық кодексіне мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің тізбесін кеңейту бөлігінде түзетулер енгізілді,оларды бергені үшін цифрлық белгіленуімен байланысты емес әріптік белгіленуі бірдей (АА), ВВВ (ВВ), ССС (СС), ZZZ (ZZ) – 5 700 пайыз цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707–5 700 пайыз көлемінде мемлекеттік баждың жоғарылатылған мөлшерлері көзделеді», - делінген сейсенбідегі хабарда.

Сондай-ақ, әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777–28 500 пайыз; әріптік белгіленуі бірдей, 100, 111, 200, ..., 999 мемлекеттік тіркеу нөмірін бергенi үшiн – 19 700 пайыз;

әріптік белгіленуі бірдей, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 – 11 400 пайыз болып қымбаттаған

Мемнөмірлерге тарифтің өсірілуін қарастыратын Салық кодексінің түзетулері 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ, әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізілді.

«Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін мүгедектерді көлiк құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілік енгізілді», - отмечается в сообщении.

Сонымен қатар, жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 5-тен бастап 3-ке дейін АЕК қысқартылды ; масаң күйін куәландырудан өтуден бас тартқан үшінжүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейін көбейтілді; ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолаушы көлік құралын тастап кеткен үшін жауапкершілік алынып тасталынды.

Ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолаушының көлік құралын тастап кетуіне тыйым салатын норма алып тасталынды. Көлік құралын тоқтатқаннан кейін полицияның: дереу жақындап келуі, өзін таныстыруы, жүргізушінің талап ету бойынша қызметтік куәлігін көрсетуі, тоқтату себебін түсіндіру, радардың (қолданылған жағдайда) деректерін көрсету міндеті белгіленді..

Сонымен қатар, «Жол жүрісі туралы» Заңда түнгі уақытта (сағат 23-тен таңғы 06 сағатқа дейін) қалааралық, ауданаралық қатынастарда автобустармен ұдайы емес тасымалдаулар арқылы жолаушыларды тасымалдауға тыйым салу алынып тасталынды.

«D» (автобустар) санатындағы көлік құралын басқару үшін әскери қызметшілердің жасы 19-дан 18 жасқа төмендетілді.) «Tm» санатындағы (трамвай) көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін жасы төмендетілді (25 жастан 21 жасқа дейін) және басқа көлік құралын басқару тәжірибесі бар болу қажеттігі туралы талап алынып тасталынды..

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекетін тіркеу үшін көлік құралын тоқтатқан жағдайда жүргізушілерге фото- және бейнежазба жүргізу құқығы берілді.

Жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедті айдап жүруге тыйым салынды. Көлік құралына аэрография салу бойынша тыйым салу алынып тасталынды.

Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына кәсіпкерлік қызмет немесе өзге де еңбек қызметін жүзеге асырған кезде халықаралық немесе шетелдік жүргізуші куәлігінің негізінде көлік құралын басқаруға рұқсат берілді..

Жаңа заң қағидасы 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

1 АЕК = Т2121.

Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз