29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

QAZKOM өзінің қаржылай тұрақтылығы туралы мәлімдеді

25 қараша 2016 Қаралым: 2 747 Саясат,  Қаржы
instagram.com/qazkom_official
Фото: instagram.com/qazkom_official

 Алматы. 25 қараша. Ақпараттар орталығы. QAZKOM акционерлері мен басшылығы банктің тұрақты жағдайы туралы ресми мәлімдеме жасады. Ол туралы ақпар бүгін қаржылай-несие ұйымының сайтында жарияланды. 

"Бүгінгі күні банктің дамуы мен оның қаржылық жағдайы тұрақты, ал өсу динамикасы позитивті екенін ресми түрде хабарлаймыз", — деп мәлімдеді банкте.

2016 жылғы 2 қарашада Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Елбасымыз елдің ең ірі, әрі жүйеқұрушы банкі ретінде Qazkom-ға үлкен қолдау көрсететінін айтқаны атап өтілген.

"Қазіргі күні экономикамыз үшін қиын уақытта Елбасының мұндай қолдауы бізге әрине бір жағынан күш-қуат берсе, екінші жағынан банк акционерлері мен басшылығына қосымша жауапкершілікті жүктейді", — делінген хабарда.

Бұл ретте олар кейбір БАҚ-та және әлеуметтік желілерде алыпқашпа әңгіменің таратылуына жол бермейтіндіктерін атап өткен.

"Сондай-ақ біз орыс тілінде берілген сұхбаттан «санация» сөзін жұлып алып, кейбір БАҚ-та және әлеуметтік желілерде алыпқашпа әңгіменің таратылуына жол бермейміз. Осы тұрғыда атап айтатынымыз, реттеуші орган Qazkom-ға қарсы шектеу қоятын қандай да бір шара қолданған емес. Банк Ұлттық банктің барлық пруденциялық нормативтерін орындауда", — делінген мәлімдемеде. 

Сондай-ақ, Qazkom және басқа да ірі қаржы институттары Ұлттық банк пен Қазақстанның қаржыгерлер ассоциациясымен бірлесе отырып, жұмыс істемейтін банктік активтерді оңалту мен экономиканы несиелеуді жандандыру бойынша ынталандыру шараларын әзірлеуде.

"Банк өз аты мен абыройын жоғары бағалайды, сол себепті жалған ақпарат тараса оны барлық заңды тәсілдерімен қорғайтын болады", —  делінген "Қазкоммерцбанк" АҚ хабарында.

Банкте есе слағандай, ағымдағы жылдың мамырында  банктің 2020 жылға дейінгі дамудың жаңа стратегиясын ұсынған. Және бұл қарқынды жұмыстар қазірдің өзінде өзінің жемісін бере бастады.

"Еурооблигация ұстаушылардың жайлылығы үшін біз 80 млрд теңгеден артық көлемде өтімді активтердің сомасын жинақтап қойдық. Бұл сома алдағы жартыжылдықта еурооблигациялар бойынша төлетенін сомадан 2,5 есе артық", — деді ҚКБ-те. 

Тағы оқыңыз