29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БАҚ өкілдері үшін үздік жарияланымға шығармашылық байқау жариялайды

26 мамыр 2017 Қаралым: 3 606 Мәдениет,  Қоғам
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БАҚ өкілдері үшін үздік жарияланымға шығармашылық байқау жариялайды

Алматы. 26 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БАҚ өкілдері үшін үздік жарияланымға шығармашылық байқау жариялайды.

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сіздерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің жұмысын үздік жариялау бойынша БАҚ, блогерлер арасындағы «Кәсіби мемлекеттік қызмет – бәсекеге қабілеттіліктің көзі» атты ашық шығармашылық байқауына қатысуға шақырады.

Конкурска баспасөз және электрондық БАҚ-та 2017 жылғы 1 қаңтар мен 10 маусым аралығында жарияланған журналистік жұмыстар қабылданады. Кең бұқараға арнайы және корпоративтік БАҚ, сондай-ақ телесюжеттер (телесюжеттердің циклы), мемлекеттік қызметшілердің жұмысын жариялау бойынша әлеуметттік медиа жарияланымдар.

Конкурс 4 номинация  бойынша өткізіледі:

1) Үздік теле/радио сюжет немесе теле/радио сюжеттердің циклі;

 2) Баспасөз басылымдарындағы үздік жарияланым;

3) Интернеттегі үздік жарияланым;

 4) Әлеуметтік медиадағы үздік жарияланым;   

Бір қатысушы Конкурсқа әр номинацияда 3-тен аспайтын жұмысын ұсына алады

Конкурстық материалдар мен өтінім 2017 жылғы 10 маусым сағ. 19.00-ге дейін қабылданады. Қосымша ақпарат «Мемлекеттік қызмет 2017» сервисінде агенттік сайтынан ала аласыздар http://kyzmet.gov.kz/ru/pages/den-gossluzhashchego-2017  

Дереккөз: Агентство по делам государственной службы и противодействию коррупции

Тағы оқыңыз