26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алан Әжібаев ақпарат және коммуникация вице-министрі болып тағайындалды

19 тамыз 2016 Қаралым: 2 874 Назначения
Алан Әжібаев ақпарат және коммуникация вице-министрі болып тағайындалды

Алматы. 19 тамыз. Ақпараттар орталығы. Алан Әжібаев ақпарат және коммуникация вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады министр Дәурен Абаев. 

"Алан Ғазизұлы Әжібаевтың ақпарат саласына басшылық ететін вице-министр болып тағайындалғаны туралы ақпаратпен бөліскім келеді", —деп жазған өз Facebook парақшасында Ақпарат және коммуникация министрлігінің басшысы.  

"Алан  Әжібаевты, барлық журналист бауырлар жақсы білетін шығар» деп жазады Абаев. Сондай-ақ ведомство басшысы жаңа вице-министрдің қызметтік жетістіктері туралы қысқаша тоқтала кеткен. 

"90-шы жылдардың ортасында ол еңбек жолын «Макс» радиосында қарапайым радио жүргізуші болып бастаған, сосын «31 канал» телерадиокомпаниясында теле жүргізуші және бағдарламалар редакторы болып жұмыс жасады.  Әр жылдары «Караван» радиосын басқарды, «Таң» телерадиокомпаниясы мен «Тенгри ФМ» радиосының бас продюсері болды. Кешегі күнге дейін «Айқын» және «Литер» қоғамдық-саяси газеттеріне басшылық етті.   

А. Әжібаев 1974 жылы 22 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

1994 жылғы тамыз айынан 1995 жылғы қыркүйек айына дейін «Макс» телерадиокомпаниясында радиожүргізуші болып жұмыс істеген.

1995 жылғы қыркүйектен 1997 жылғы тамыз айына дейін «31 арна» телерадиокомпанияда теле-радиожүргізуші болып қызмет етті.

1997 жылғы қыркүйек айынан бастап 1998 жылғы қыркүйек айына дейін «Телерадиокомпания «City» ЖШС бағдарламалық директоры болды.

1999 жылғы ақпаннан 1999 жылғы қыркүйек айына дейін «Караван радиосының» директоры. Кейінірек жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

2008 жылғы ақпан айынан бастап 2010 жылғы қаңтарға дейін «Таң» Телерадиокомпаниясы» ЖШС-ында Бас продюсер болып еңбек етті.

2009 жылғы желтоқсан айынан бастап 2012 жылғы мамыр айына дейін – «Тенгри ФМ» радиосының Бас продюсері.

2012 жылғы маусым айынан 2014 жылғы қаңтар айына дейін «SKYMAX MEDIA» ЖШС бас директоры.

2014 жылдың ақпан айынан 2016 жылдың тамыз айына дейін «Айқын» және «Литер» қоғамдық-саяси газеттерінің директоры.

Медианарықтағы жұмыс өтілі – 20 жыл, оның ішінде басшылық қызметте  10 жыл еңбек еткен.

Тағы оқыңыз