Алматы облысындағы «Үшарал-Достық» тас жолындағы қозғалыс шектелді
Алматы. 21 қараша. Ақпараттар орталығы. Бұрқасынға байланысты Алматы облысында «Үшарал-Достық» тас жолындағы көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен.
"21 қарашада Алматы облысында 12:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты (төменнен сырма соғады, көру төмендейді) «Үшарал-Достық» автожолында барлық көлік құралдары үшін 83-184 шақырымда, Көктума ауылынан Достық ауылына дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі", — делінген хабарда.
Сондай-ақ, Жамбыл облысында қардың жаууына, бұрқасын және көрудің төмендеуіне байланысты «Қордай ауылының жаңа өткелі» автожолының 158-240 км, Отар бекетінен Қайнар ауылына дейін көлік құралдарының барлық түрлері үшін жол қозғалысы шектеледі.


