29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматыда Абай даңғылы бойындағы қозғалыс өзгереді

31 мамыр 2017 Қаралым: 2 263 Авто,  Көлік
constructional.ru
Фото: constructional.ru

Алматы. 31 мамыр. Ақпараттар орталығы. Алматыда жерасты метросының құрылысына байланысты Абай даңғылы бойындағы қозғалыс өзгереді, деп хабарлады қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасаған ҚазТАГ.

«Метрополитеннің «Сарыарқа» станциясының жерасты өткелінің құрылыс жұмыстарына байланысты автокөліктердің қозғалыс схемасына өзгеріс енгізіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.

Сонымен, 1 маусымнан бастап Family park ауданындағы Абай даңғылы бойындағы батыс және шығыс бағыттағы қозғалыс оң жақтағы айналма жол арқылы жүзеге асырылады, көліктер әр бағыттағы үш жол бойынша қамтамасыз етіледі.

Бұл ретте, қасындағы көшелер бойынша қозғалыс бұрынғы режиммен жүзеге асырылады, деді басқармада.


Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз