29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Археологтар Оңтүстік Қазақстанда б.з. І ғасырының бірегей артефакттерін тапты

20 шілде 2017 Қаралым: 2 573 Мәдениет
Археологтар Оңтүстік Қазақстанда б.з. І ғасырының бірегей артефакттерін тапты

Алматы. 20 шілде. Ақпараттар орталығы. Археологтар Оңтүстік Қазақстанның Арыс маңынан б.з. І ғасырының бірегей артефакттерін тапты, деп хабарлады Otyrar.kz. порталы.

«ОҚО Бәйдібек ауданындағы Арыс елді мекенін маңынан біздің заманымыздың І ғасының бірегей артефакттері табылды. Олар тиын мен астық сақтайтын құмыра, жазуы бар тақтайшалар мен бір топ адам жерленген зират. Табылған тиынның арқасында Қаңлы мемлекетінің осы қаласының жасын шамалап анықтаудың мүмкіндігі туды. Ол – біздің заманымыздың І ғасыры», - делінген хабарда.

Хабарда айтылғандай, археологтар бұл көмбені 40 жыл іздеген.

Олардың айтуынша, табылған тиында Кушан патшалығының билеушісі Вим Такто бейнеленген. Бұл тиынның табылуы Қаңлы мемлекеті мен Кушан патшалығының арасында сауда-ақшалай қарым-қатынастың болғанын көрсетеді.

Сондай-ақ табылған тиын табылған басқа да заттарды өзара байланыстыруға мүмкіндік берді. Олар – сармат таңбасы бар құмыра – астық сақтайтын үлкен құмыра мен сына жазулары бар қыш тақтайшалардың бір бөлігі. Оның тілі көне парсы тілінің негізіндегі арамей тілінде деп танылып отыр. Бұл қыш тақтайша – археологтардың коллекциясындағы 17- сі, ол жазулардың басым көпшілігі аударылып та қойылған. Тарих ғылымдарының докторы Александр Подушкиннің мәліметтерінше, көте Күлтөбе қаласының маңындағы қоршау болған рабаттың орнына жасалған қазбалар көрсеткендей, көне дуалдың тек жартысы ғана сақталған. Өткен ғасырдың 40-шы жылдары Арыс өзені кенет ағысын өзгертуінен, бәлкім, көне қаланың бір бөлігі су астында қалуы мүмкін. Бірақ су баспаған жақын маңдағы қорғандарға жасалға қазба жұмыстары 4 метр тереңдіктен археологтарға отбасылық зират пен жауынгердің мүрдесін табуға мүмкіндік берді.

Хабарда айтылғандай, табылған барлық жәдігерлер антропологтарға және көне заман сарапшыларына беріледі, олар қазақстандық ҒЗИ-ларда тексеруден өтеді. Кейін оларды британиялық Кембридж бен Францияға апаруы мүмкін.

Табылған жәдігерлер толық зерттеліп болған соң, ғалымдар табылған заттарға ақтық бағасын береді. Бірақ қазірдің өзінде осы заттар бірегей жәдігерлер екені анық.

Қаңлы мемлекеті – Сырдарияның төменгі және орта бөлігінде (Ферғана аңғарында) орналасқан мемлекет. Ол өзінің қуатты болған біздің заманымыздың І-ІІ ғасырында өз ықпалын көшпенділер мен жартылай отырықшы халықтар мекен еткен аймақтарға жүргізе алды. Ол кезде ол шығысында Ферғанадан Жетісуға дейін және оңтүстік-батысында Аралдан батысында Орал аңғаныра дейін, солтүстігінде Сырдарияның даласынан оңтүстігінде Соғды маңына дейін созылған, бір жағынан ертедегі Кушан патшалығымен шектесіп жатқан алқапты алып жатқан мемлекет болған.


Дереккөз: Отрар.kz

Тағы оқыңыз