26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«Астана-Алматы-Үрімші» пойызы жолға шықты

22 маусым 2017 Қаралым: 3 150 Көлік
«Астана-Алматы-Үрімші» пойызы жолға шықты

Алматы. 22 маусым. Ақпараттар орталығы. «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ және Қытай темір жолы арасындағы уағдаластыққа сәйкес «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде Алтынкөл (ҚР) – Қорғас (ҚХР) шекара бекеттері арқылы «Астана-Алматы-Үрімші» бағыты бойынша темір жол байланысы ұйымдастырылды, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ –ға сілтеме жасаған Kazpravda.kz.
"Алтынкөл рельстерінің ені әртүрлі екі елді байланыстырып жатқан ірі станция болып табылады. «Осы жерде екі пойыз паралель жолдарға қатар тұрып бір біріндегі жолаушылармен алмасады. Яғни, біздің жолаушылар қытайлық пойызға отырып, ондағы туристер біздің пойызға ауысып мінеді. Дәл сол кезде жолаушылар шекара мен кеден тексеруінен де өтіп үлгереді. Бұл уақытты үнемдейтін ең оңтайлы тәсіл»,-дейді пойыз бастығы Эльвира Таштырова.

 Пойыз 31 отандық «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған және күн сайын қатынайды.

Компания еске салғандай, Қосымша сұрақтар бойынша темір жол вокзалдарының кассаларына немесе 105 бірегей анықтама қызметіне телефон шалуға болады.

Дереккөз: Казахстанская правда

Тағы оқыңыз