26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Астанада Сирия бойынша келіссөздер өтетін күн белгілі болды

4 қаңтар 2017 Қаралым: 3 522 Саясат,  Әлемде
astana.gov.kz
Фото: astana.gov.kz

Алматы. 4 қаңтар. Ақпараттар орталығы. Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу Сирия бойынша келіссөздер Астанада 23 қаңтарда басталады деп мәлім етті, деп жазады Блумберг агенттігіне сілтеме жасаған РИА Новости.

Бұған дейін түрік СІМ басшысы Қазақстан астанасында сирияаралық консультацияларды талқылау үшін Түркияға 9-10 қаңтарда ресейлік сарапшылар келеді, деп хабарлаған еді.

Бұдан бұрын Ресей және Түркия президенттері В.Путин және Реджеп Эрдоган ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Астанада Сириядағы шиеленіске қатысушы тараптардың кездесуін өткізу мүмкіндігін талқылағанды. Оның айтуынша, бұл женевалық келіссөздерді толықтыруы мүмкін. 

Н. Назарбаев Путинмен және Эрдоғанмен телефонмен сөйлесу барысында бұл идеяны қолдап, келіссөздерді Астанада өткізу үшін алаң ұсынуға дайын екенін мәлім етті.  

Дереккөз: РИА Новости

Тағы оқыңыз