«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрағасы тағайындалды
Алматы. 27 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақстан Республикасының премьер-министрімен келісумен, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының шешімімен Абай Сарқұлов «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрағасы ретінде тағайындалды. Бұл туралы қор сайты хабарлады.
Абай Сарқұловтың қаржы саласында 13 жылдық
жұмыс тәжірибесі бар. «Бәйтерек» Холдингінің компаниялар тобында 2008 жылдан
бастап қызмет етуде. Инфрақұрылымдық жобаларды кредиттеу басқармасының
менеджерінен бастап «Қазақстанның даму банкі» АҚ Басқарма Төрағасының
Орынбасарына дейінгі еңбек жолын өтті.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік
Университетін аяқтады.


