ЭКСО көрмесі аясында "Ла Скала" театрының гастролі өтеді
Алматы. 24 сәуір. Ақпараттар орталығы. Әлемге әйгілі «Ла Скала» театры қыркүйек айында елордаға келеді. Бұл жайында бүгін Ақордада еліміздің Мемлекеттік хатшысымен кездесуі алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген аталған театрдың бас директоры әрі көркемдік жетекшісі Александр Перейра айтты, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
Бұдан басқа, тараптар опера және балет өнері саласындағы ынтымақтастықты дамыту, «Ла Скала» театрының Қазақстандағы гастролін және «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының Италиядағы өнер сапарларын өткізу тәжірибесін кеңейту жайын талқылаған болатын.
Әбдіхалықова атап өткендей, ЭКСПО көрмесі аясында Қазақстан елордасында 1-10 қыркүйек аралығында миландық «Ла Скала» театрының гастролі өтеді.
Александр Перейраның атап өтуінше, елордада өтетін мәдени бағдарлама аясында танымал италиялық ұжым «Астана Опера» театрының сахнасында Джузеппе Вердидің «Фальстав» операсын ұсынып, қазіргі заманның көрнекті маэстросы Зубин Метаның жетекшілігімен Людвиг ван Бетховеннің №9 симфониясын орындайды.


