Назарбаев үкіметке сүт пен ет саласында инвесторлар тарту жұмыстарына сын айтты
Алматы. 24 қараша. Ақпараттар орталығы. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының мәселелері жөніндегі кеңес барысында үкімет пен мүдделі органдарға бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларды тартудың, сондай-ақ республика бойынша өндіріс күштерін жүйелі түрде бөлудің айрықша мәні бар екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, Елбасы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөнінде жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығына тоқталды.
"Мен осы мәселенің шешіміне қатысты ерекше түсіністік танытқандарыңызды қалаймын. Қазіргі кезде қиындықтар бар екеніне қарамастан, бұл – өте прогрессивті бағыт. Халық арасында тиісті дайындық өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет", — деді ол.
Бұл ретте Назарбаев үкімет пе басқа да мүдделі органдардың кемшін тұстарын атап өтті.
"Сүт пен ет өндірісі саласында стратегиялық инвесторларды тарту бойынша жұмыстардың жеткіліксіздігін атап өтейін. Сүт бойына тек бір инвестормен, ал ет бойынша үшеуімен келіссөздр жүріп жатыр. Нақты нәтиже әзірге жоқ. Осы жұмыспен айналысуды тапсырамын", — деді ол.
Сондай-ақ, Елбасы Туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын ішкі туризмнің басымдығы бар бағыттарын ескере отырып жаңартуды тапсырды.
"Өңірлік туризмді ілгерілету үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру қажет. Бұл экономикамыз үшін де, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту үшін де маңызды", — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті «Үкімет – азаматтар үшін» бағдарламасы арқылы халыққа көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды да одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев кеңеске қатысушыларға Ұлт жоспарының барлық бағыты бойынша жұмысты ілгерілетіп, бақылау жүргізуді күшейту қажеттігін айтты, сондай-ақ басшылардың дербес жауапкершілігі жөнінде ескертті.
Соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикасы үшін маңызды жетістіктерге қол жеткізу және еліміздің әр азаматының әл-ауқатын арттыру Ұлт жоспары мен басты мемлекеттік бағдарламалардың түпкі| мақсаты болып саналатынын айтты


