29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Qonaev Media телеарнасы жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

2 ақпан 2026 Қаралым: 1 286 Мәдениет
Qonaev Media телеарнасы жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

Алматы. 2 ақпан. Ақпараттар орталығы —2026 жылдың 2 ақпанында Qonaev Media телеарнасының кеңсесінде аппараттық-студиялық кешенмен таныстыру іс-шарасы өтті. Іс-шараға Алматы облысының әкімі қатысты.


Іс-шара барысында телеарнаның техникалық мүмкіндіктері көрсетіліп, телевизиялық контент дайындаудың толық үдерісі — түсірілімнен бастап бағдарламаларды эфирге шығару және цифрлық платформаларда жариялауға дейін — таныстырылды.



Алматы облысының әкімі сөз сөйлеп, бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы маңызды екенін атап өтті және телеарнаның техникалық мүмкіндіктеріне оң баға берді.


Сондай-ақ Qonaev Media телеарнасының директоры Хагельдина Кымбат сөз сөйлеп, телеарнаның жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы айтты.



Іс-шара телеарнаның мүмкіндіктерін көрсетуге және алдағы жұмыстарды талқылауға арналды.

Тағы оқыңыз