29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ОҚО-да үш этноқалашық тұрғызылады

20 сәуір 2017 Қаралым: 2 725 Мәдениет,  Туризм
пресс-служба акима ЮКО
Фото: пресс-служба акима ЮКО

Алматы. 20 сәуір. Ақпараттар орталығы. Оңтүстік Қазақстан облысындаға Шымкент, Түркістан қалалары мен Отырар ауданыда дүниежүзілік талаптарға сай этноқалашықтар бой көтеретін болады, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен. 

"Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында туған жеріміздегі тарихи кешендерді қалыпқа келтіру мен оларды әлемге таныту жайында ерекше тебіреніспен жазды. Ал еліміздегі архиологиялық мұралардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында. Сондықтан көне мұраларымызды сақтай отырып, бірлесе кеңесіп жаңа сәулеттік ғимараттарды дүниежүзілік талаптарға сай етіп салуымыз қажет. Ол ғасырларға қалатын ерекше ғимараттар болуы тиіс. Осындай сәулетті нысандарымыз арқылы туристердің санын арттыруға болады", — деді ОҚО әкімі ЖансеитТүймебаев қала құрылысы кеңесінің отырысында. 

Жалпы күн тәртібінде 10 сәулеттік жоба қаралды. Солардың ішінде Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде даму тұжырымдамасын бекіту, Отырар ауданындағы «Арыстанбаб» кесенесінің және «Көне Отырар» қалашығының айналасын абаттандыру мен Шымкент қаласындағы «Шымкент СИТИ» тұрғын ауданының жанындағы этноқалашықтың эскиздік жобалары талқыланды.

Хабарда атап өткендей қазір «Шымкент СИТИ» жобасының құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта этноқалашық құрылысы жанданады.

Тағы оқыңыз