26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Павлодар халқы Риддерге көмек қолын созды

11 мамыр 2021 Қаралым: 2 169 Қайырымдылық
Хабар 24
Фото: Хабар 24

Алматы. 11 мамыр. Ақпараттар орталығы - Павлодарлықтар өрттен зардап шеккен риддерліктерге көмек қолын созды. Гуманитарлық жүк тиелген алғашқы көлік бүгін жолға шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

Тұрғындар киім-кешек, төсек жабдықтары, ыдыс-аяқ, ойыншық және жеке бас гигиенасына арналған заттарды тапсырып жатыр. Игі іске волонтерлер ұйытқы болған. Бір тәулікте үш тонна жүк жиналыпты. Қайырымды жандар осыдан бір күн бұрын Павлодарда өрттен қайтыс болған отбасына 6 жарым миллион теңге қаржы жинап берді. Естеріңізге сала кетсек, тілсіз жау төрт адамның өмірін қиған еді. Біреуі жас сәби. Ал Риддерге аттанған көлік діттеген жеріне ертең таңертең жетеді. Еркебұлан Күнтуған, еріктілер фронт-офисінің менеджері:  - Біздің Павлодар қаласының еріктілері республика бойынша белсенді еріктілердің қатарындамыз. Өйткені Павлодар облысының тек еріктілері емес, қаламыздың кез келген тұрғыны жақсы істерді жасауға жарысып тұрады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, халық болып, жылдам-жылдам көмек көрсетіп жатыр. 

Дереккөз: Хабар 24

Тағы оқыңыз