Премьер-министрге БҚО өнеркәсіптік кәсіпорындарын дамыту жоспарын ұсынды
Алматы. 29 наурыз. Ақпараттар орталығы. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал трансформатор зауытына барды, сонымен қатар өңірдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарын дамыту жоспарларымен танысты, деп хабарлады primeminister.kz.
Ақпар бойынша, Орал трансформатор зауыты ИИДМБ аясында іске қосылған. Мұнда жоғары қуатты таратқыш май және құрғақ трансформаторлар, сонымен қоса жылына 10 000 дана болатын өндіріс көлемі бар тартушы трансформаторлар өндіріледі.
2016 жылы трансформатор зауыты шетел инвесторларымен бірлескен кәсіпорын ашты, және 100 жұмыс орнын ашумен, электр техникалық жабдығын шығару жөніндегі меморандумға қол қойды.
Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаевқа индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында тұрғызылған, «Батыс Пауэр» газ турбиналық электр станциясын таныстырды.
"ГТЭС бірінші кезегінің іске қосылуының облыс үшін стратегиялық маңызы бар, себебі ол облыстың импорттаушыларға энергия тәуелділігін толығымен жойды. Сонымен қоса, келешекте Ресей Федерациясына электр энергиясын өткізу арқылы экспорт көлемін ұлғайту жоспарланған", — делінген мәтінде.
Дереккөз: Официальный сайт премьер-министра РК


