29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Президент қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға шақырды

14 қазан 2016 Қаралым: 2 061 Саясат,  Құқық
akorda.kz
Фото: akorda.kz

Алматы. 14 қазан. Ақпараттар орталығы. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР бас прокуроры Жақып Асановпен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.   

Кездесу барысында Ж.Асанов Мемлекет басшысына құқық қорғау органдарының жұмысы жөнінде мәлімдеп, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру жолындағы тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.  

Қазақстан Президенті заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Тағы оқыңыз