26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қатар араб мемлекеттерінің талаптарын қарауға дайын

28 маусым 2017 Қаралым: 2 699 Саясат,  Әлемде
Қатар араб мемлекеттерінің талаптарын қарауға дайын

Алматы. 28 маусым. Ақпараттар орталығы. Қатар араб мемлекеттерінің талаптары бойынша келіссөздерге отыруға дайын, егер ол талаптар ақылға сиымды және дәлелдермен бекітілген болса, деп жазады ТАСС.

«Талаптар іске асатындай, шынайы болуы керек, өйтпеген жағдайда ол талаптар танылмайды. Блокадаға қатысып отырған елдердің қойып отырғаны талаптар емес, еш дәлелсіз тағылып отырған айыптар. Келіссөздер жүргізу үшін екінші тараптың шын қалауы және талаптарды растайтын дәлелдері болуы керек», - деді Вашингтонда сапармен жүрген Қатардың сыртқы істер министрі Мухаммед бен Абдель Рахман Аль Тани.

Оның алдында Сауд Арабиясының Вашингтонда жүрген СІМ ұсынылып отырған шарт тізімдері бойынша келіссөздер жүргізу мүмкін емес деп мәлім еткен.

Бұрын хабарланғандай, 5 маусымда Қатарға терроршыларды қолдайды, идеологиясы экстремистік, араб мемлекетінің істеріне қол сұғады деген айып тағып, онымен сегіз мемлекет дипломатиялық қарым-қатынасын үзді. БАҚ-тар хабарлағандай, Қатармен дипломатиялық және әскери қарым-қатынасын үзетіндігін Бахрейн, Египет, Йемен, Ливия уақытша үкіметі, Маврикия Республикасы, Мальдива Республикасы, БАӘ мен Сауд Арабиясы жариялады. Қатар басшылығы барлық айыпты теріске шығарып, араб мемлекеттері татапынан жасалып отырған оқшаулаушылық әрекеттерді ел тәуелсіздігіне жасалған қол сұғушылық деп атады.

Сондай-ақ көптеген елдер Катардан өздерінің ел аумақтары арқылы өтетін кез келген трансшекаралық өткелдерін жапты, теңіз арқылы, құрылықтағы және әуе қатынастарын үзді, олардың азаматтарының көрші едерге келіп-кетуіне тыйым салатынын жариялады. Катарға байкот жариялаған елдердегі Катар елшілерін қуу туралы шешім қабылданды. Катар Йемендегі әскери коалиция қатарынан шығарылып тасталды.

22 маусымда Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн, Египет үзілген дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін Қатарға 13 талап қойып, оған 10 күн мерзім бергенді. Талаптардың ішінде Иранмен дипломатиялық қарым-қатыстарын бәсеңсітуді талап етті. Құжатта айтылғандай, Қатар өз аумағындағы Түркияның әскери базасын да жабулары керек және Al Jazeera телеарнасын жабулары керек. Одан басқа арабтардың мемлекеттері Дохадан өтемақы талап етті, бірақ оның сомасы нақты көрсетілмеген. Қатар үкімет ол талаптарды орындау мүмкін емес, деп оны қайта қарауға шақырды. Қатар СІМ талап тізімімен танысқанын айтып, оған жауапты Кувейттің бітістірушілік көмегімен беретінін мәлім етті.


Дереккөз: ТАСС

Тағы оқыңыз