26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақфильм екі толықметражды мультфильмді жарыққа шығаруға дайындап жатыр

24 қараша 2016 Қаралым: 2 720 Мәдениет
Қазақфильм екі толықметражды мультфильмді жарыққа шығаруға дайындап жатыр

Алматы. 24 қараша. Ақпараттар орталығы. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ былтыр өндіріске жіберген «Мұзбалақ» толықметражды анимациялық фильмінің түсірілім жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

«Мұзбалақ» 2017 жыл жылдың күзінде аяқталады деп жоспарлануда.  Аталмыш мультфильмнің экранға шығу мерзімі қазақ мультипликациясының 50-жылдық мерейтойына сәйкес келіп отыр.

"Ерте заманда адамдар кесірінен жер астындағы айдаһарға айналып келе жатқан аб жылан оянып, жер бетіне шығып, маңайын жалмап, қазақ ауылына үлкен апат әкеліп, үрей туғызады.  Ол ауылды отқа орап, қарсы келгенді жалмап келе жатқанда, бір қыран бүркіт балапанын қорғап, онымен айқасып, ақыры аб жылан қайта жер астына құлап, жоқ болады. Ал қыран отқа оранған ұядан балапанын алып, алысқа ұшып кетеді. Адам қанын жұтып дәніккен аб жылан күн тұтылып, өзінің айдаһарға айналар сәтін асыға күтеді. Бұны білген ауыл адамдары айдаһарды жеңетін тек Мұзбалақ екенін біліп, соны табуға ат салысады. Мұзбалақты тапқан атаққұмар, тоғышар Шегір мен ақылды, ақ жүрек Ақтай арасында тартыс ұзаққа жалғасып, соңында Мұзбалақтың тілін тапқан Ақтай Мұзбалаққа еркіндік беріп, онымен адал достық орнатып, алып күш айдаһарды бірлесе отырып жеңіп, қазақ ауылын қара күштен құтқарып қалады", — делінген лента синопсисінде.

Режиссерлері: Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы. Лента прокатқа қазақ тілінде шығады. 

Сондай-ақ, «Қазақфильм» киностудиясының негізінде жасалған «Анимациялық кино» шығармашылық-өндірістік бірлестігінде өндіріске жібергелі отырған «Күлтегін» толықметражды мультфильмінің дайындық жұмыстары басталды. Екі картина да ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша жасалып жатыр.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Анимациялық кино» шығармашылық-өндірістік бірлестігі 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде 36 қысқаметражды анимациялық фильм, сондай-ақ, қазақ анимациясы тарихында тұңғыш рет 3D форматта, «Ер Төстік» қазақ халық ертегісін негізге алған жоба - «Ер Төстік және Айдаһар» толықметражды анимациялық фильмі түсірілді.

Тағы оқыңыз