26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

4 қаңтар 2017 Қаралым: 2 855 Саясат,  Әлемде
МИД РК
Фото: МИД РК

Алматы. 4 қаңтар. Ақпараттар орталығы.  3 қаңтарда Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде 2017 жылғы Кеңестің алғашқы отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Отырыс барысында 2017 жылдың қаңтар айына арналған Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс бағдарламасы бекітілді.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері алдында Б.Садықов аталмыш орган жұмысында Қазақстан үшін  басымдылықтарды айтып өтті. Оның ішінде дипломатия мен сенім қарым-қатынасын нығайту,  халықаралық лаңкестікке қарсы тұру және ядролық қаруды таратпау мәселелері бар.

Ведомствода хабарлағандай,  4 қаңтарда  Кеңестің Сириядағы жағдай бойынша жабық консультациясы өтеді.

Айдың маңызды шараларының бірі  биылғы жылдың 10 қаңтарына белгіленген БҰҰ ҚК дебаттары, шара «Бейбітшілікті сақтау жолында даулардың алдын алу» тақырыбында өтеді.

Шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен  ҚК мүше елдерінің  бірқатар сыртқы саяси ведомстволардың  басшылары, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов  қатысады.

17 қаңтарда төрағалар деңгейінде  Таяу Шығыстағы жағдай мен Палестина мәселесі бойынша ашық  дебаттар өтеді.

Қазақстан төрағалығымен Сомали мен Эритере  және  лаңкестік топтарымен күресу бойынша БҰҰ ҚК Комитетінің отырысы өтеді. 

Сонымен қатар, 2017 жылдың қаңтарында Кипр мен ОАР-дағы жағдай бойынша қауіпсіздік кеңесінің жоспарлы резолюциясын қабылдау күтіледі, сондай-ақ, консенсуске қол жеткізілген жағдайда Сирия Араб Республикасындағы химиялық қаруға қатысты ҚК мүшелері арасында да, деп атап өткен СІМ.

Тағы оқыңыз