26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстан президенті Жамбыл облысында жаттығу кезінде қаза тапқан әскерилердің туғандарына көңіл айтты

21 ақпан 2017 Қаралым: 2 307 Саясат,  Оқиға
Akorda.kz
Фото: Akorda.kz

Алматы. 21 ақпан. Ақпараттар орталығы. Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында әскери жаттығу кезінде Жамбыл облысында қаза тапқан 7 әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметінен.

"Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған қайғылы оқиға туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Олардың әрқайсысы елінің нағыз патриоты болып, өз әскери міндетін соңына дейін атқарды. Мұндай қайғылы жағдай болашақта қайталанбау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз», - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Н.Назарбаев Қорғаныс министрлігіне қаза тапқан сарбаздардың отбасыларының бәріне жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді тапсырды.

"Мемлекеттік комиссия болған оқиғаның себептерін анықтауда. Біз болашақта мұндай қайғылы жағдай қайталанбау үшін қажет шаралардың барлығын қолға аламыз", — деді  Назарбаев.

Тағы оқыңыз