29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда президенттікке үміткер медициналық тексеруден өтетін болады

4 мамыр 2017 Қаралым: 2 364 Саясат
Қазақстанда  президенттікке үміткер медициналық тексеруден өтетін болады

Алматы. 4 мамыр. Ақпараттар орталығы. ҚР президенті болуға үміткерлер медициналық тексеруден өтуі керек, деп хабарлады «Қазақпарат». 
«Бұл норма енді ғана «Сайлау туралы» заңғы енгізілмекші. Одан кейін орталық сайлау комиссиясының (ОСК) заңға толықтыру актісі қабылданады, сонда бұл қарастырылады. Бірақ медициналық тексеруден өту мәселесімен денсаулық сақтау министрлігі мен ОСК айналысады», - деді М. Бекетаев бейсенбі күні парламент мәжілісінің дәлізінде.

Оның айтуынша, денсаулыққа қатысты талап президент тағына үміткерлерге қойылатын негізгі талап болады.

«Ол толығымен жазылады және түсінікті ашық процедура болады. Егжей-тегжейлі реттеу сәл кейінірек реттеледі. Осындай мемлекеттік міндетті атқару үшін адам оны атқаруға дайын болуы керек», - деді министр.

Министр түсіндіоргендей, заң жобасында ҚР президентіне үміткерлерге қойылатын талаптарға қосымша мыналар кірген: 5 жыл жұмыс өтілінің болуы және медициналық тексеруден өтуі.

Дереккөз: Казинформ

Тағы оқыңыз