29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда мемлекеттің жастармен диалогына барлық жағдай жасалған - Тасмағамбетов

2 желтоқсан 2016 Қаралым: 2 314 Мәдениет,  Саясат,  Экономика,  Құқық,  Білім беру
Қазақстанда мемлекеттің жастармен диалогына барлық жағдай жасалған   - Тасмағамбетов

Алматы. 2 желтоқсан. Ақпараттар орталығы.  Жастардың білім алуына, кәсіби, ғылыми және шығармашылық өсуіне жағдай жасау – қоғамды жаңғыртуға және алға ілгерілетуге салынған сенімді инвестиция, деп санайды Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов.
Оның айтуынша, бүгінде елімізде мемлекет пен жастардың өзара конструктивті сұхбаты үшін қолайлы жағдай жасалған. Осы күндері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өтіп жатқан Республикалық Жастар форумының форматы билік пен жастар арасындағы тығыз ықпалдастықтың перспективаларын анықтауға, өзекті тақырыптарды талқылау мен өзара пікір алмасуға жақсы мүмкіндік береді

 «Осы секцияның әрқайсысындағы қатысушылар ресми емес жағдайда салалық министрлік басшыларымен кездесіп, орын алып отырған проблемаларға өз көзқарастарын білдіру мүмкіндігіне ие болды. Ал бұл біртұтас сұрақтар кешені – жастардың денсаулығынан, білімдерінің бәсекеге қабілеттілігінен, жастар бизнес-ортасының ерекшелігінен бастап дін саласындағы қазіргі өзекті рухани мәселелерге дейін», – деді И.Тасмағамбетов.
Жастардың білім алу маңыздылығын айта келе, вице-премьер қазір озық білім алуға ұмтылатын заман екенін қадап айтты. Ал ол үшін, вице-премьер айтқандай, талпыныс керек. Егер де өз бойыңда білімге деген терең талпыныс болмаса, онда ең үздік білім беру жүйесі де, ең білікті мұғалім де жастарға ештеңе үйрете алмайды. 
 
«Міне, сондықтан елдің жарқын болашағы мен қазақстандықтардың сапалы білім арасындағы теңдік белгісі туралы айтқанда, Президент өздерің арқылы барлық жастарды тек жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, оны Отан игілігі үшін қолдана білуге шақырды», – деді вице-премьер.
Жастар форумын ҚР Дін істері және азаматтық қоғам минстрлігі ұйымдастырған және ол қазіргі заман жастарын толғандыратын проблемалардың тиімді шешімін іздеу мен әзірлеуге бағытталған. Осы жылдың басынан бастап барлық облыс орталықтарында, Астана мен Алматы қалаларында өңірлік жастар форумдары өтті, соның барысында белсенді, шығармашыл, жұмысшы, білімді жастар арасынан, республикалық жастар ұйымдарының, азаматтық қоғам институттарының өкілдері арасынан делегаттар іріктеліп алынды.  

Тағы оқыңыз